$ 499.51  525.83  4.62

«Салауатты өмір салты-жарқын болашақ» тақырыбында іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы» күрес туралы мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандық мәдениет үйі жастар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Салауатты өмір салты-жарқын болашақ» атты дойбыдан аудандық турнир ұйымдастырылып, өткізілді.

Бұл туралы аудан әкімдігінің юаспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шарада арнайы қазылар алқасы құрылып, ойын барысында аудандық спорт бөлімінің маманы Б.Жұбаназаров төрешілік жасап, жүргізіп отырды.  Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды Гагарин атындағы ЖОМ  8 сынып оқушысы Хамитұлы Жансерік, ІІ орынды  Науаи атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Өтеулі Орынбасар, ІІІ орынды  О.Ағыбайұлы атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Абдиқасым Дәулет иеленді.

Іс-шараға қатысқан барлық үміткерлерге арнайы алғыс хаттармен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың бірнеше түрінен ондаған жарыс өтіп үлгерді. Барлығы да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Ерекшелігі сол, спорттық жарыстардың басым бөлігі кәсіби спортшылар емес, өзге мамандық иелерінің арасында өтіп жатыр. Мәселен, журналистер, заңгерлер, полиция қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, прокурорлар, дін өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер өзара шағын футолдан, волейболдан, бильярд пен стол теннисінен сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтау үстінде.

Осынау спорттық шаралардың барлығы «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында өтіп жатқанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары