Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бүгінде барлық мемлекеттік мекеме есеп беріп жатқаны белгілі. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының спорт саласын басқаратын шенділер де мерейлі мереке қарсаңында атқарылған жұмыстарынан құлағдар етті.
Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков кезекті жұмыс кестесіне орай аудандық спорт мектептері мен мектептердегі дене шынықтыру пәнінің ұстаздарының қатысумен жиын болып өтті. Жиында аудандағы спорт бөлімінің атқарған жұмыстары туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Б.Теміралиев, аудандық мектептерде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің атқарған жұмыстары туралы білім бөлімінің әдіскері Ж.Абилов баяндама жасады.
Баяндама аудандағы спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша тілге тиек етті. Қазіргі таңда аудан тұрғындары, жастар және жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін 317 спорт ғимараттары жұмыс жасайды. 2016 жылдың 8 айында 137 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 21 301 адамды қамтыған. Ауданда 4 мемлекеттік спорт ұйымдары тіркелген. Оның ішінде 1 - ОҚО спорт басқармасына қарасты облыстық ұлттық спорт түрлері және 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Осы аталған 4 спорт мектептерінде 74 жаттықтырушы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтерде 2094 оқушыға жаттығу сабақтарын береді.
Аудан әкімі жиында 30 жастан асқан азаматтарды спортқа тарту, денешынықтыру пәнінің ұстаздар сабақтан соң, үйірмелер өткізу, әрбір мектеп ұстаздарының рейтингісін жасап, көрсеткіштерін сараптау мәселесін алға тартып, жиынды қорытты.