$ 480.63  535.13  5.27

Шардарада «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» атты футболдан жарыс өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласының орталық стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Лайықты ұрпақты тәрбиелейік» атты ұранымен футболдан  жасөспірімдер арасында Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің облыстық жарысы өткізілді.

Облыстық жарысты Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің директоры Е.Аманқұлов ашып берді. Командалар 3 топқа бөлініп өнер көрсетті. Өз топтарынан Шардара футбол мектебінің командасы, Мақтарал ауданы, Қазығұрт ауданы және Шардара ауданындағы №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің командалары суырылып шығып, өзара күш сынасты.

ІІІ орын үшін болған ойында №1 М.Әуезов мектебінің командасы Қазығұрт ауданы құрамасын 1-0 есебімен жеңсе, ал І орын үшін өткен ойында Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі құрамасы Мақтарал ауданын 1-0 есебімен жеңіп, облыстық жарыс чемпионы атанды. 

Ойын барысында «Үздік ойыншылар» болып М. Аньязов (М. Горький жалпы орта мектебі), К. Мәнсұров (Қазығұрт ауданы), Д. Есқұлов (№1 М. Әуезов жалпы орта мектебі), Н. Тұрташ (Мақтаарал ауданы) есімді футболшылар танылды.

Айта кетейік, дәл осы футбол жарысымен қатар аудан орталығында жасөспірімдер арасында баскетбол мен волейболдан да турнир өтті. Оған облыс аудандарынан келген командалар қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары