Заң 28.12.2017 сағат 09:10

Алматыда судьялар студенттерді сот жүйесінің қызметімен таныстырды

Бүгін Алматы қаласы Алатау аудандық сотында студенттерге арналған дөңгелек үстел өтті. Алатау аудандық сотының судьясы Н.Қарабаев Алматы заң колледжінің 3-ші курс студенттерімен кездесiп, тәжірибесімен бөлісіп, сот жүйесінің қызметімен таныстырды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сондай-ақ, Н.Қарабаев электрондық сот жүйесінің тиімділігін, сот қызметін жақсарту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралардың барысын түсінідіріп өтті. Судьяның айтуынша, электрондық қызмет түрлері іске қосылған соң сот қызметі біршама жақсара түскен. Халыққа ақпарат жедел жетеді, электрондық іс жүргізу тәсілдері қолданылуда. 

Сонымен қатар, Н.Қарабаев студенттерге еңбек жолындағы қиындықтары мен қызық оқиғаларын айта отырып, заң саласының маңызы, сот жүйесіндегi салмақты өзгерiстер, судьяның жауапкершілігі жайлы әңгімеледі.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар