Полицейлер мәңгілік алау жанында билеген қыздарды тұтқындады деп мәлімдейді Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қаласындағы мәңгілік алау жанында билеген қыздардың ісі жергілікті арнайы ауданаралық әкімшілік сотта қаралды. Көрсеткен бұзақылықтары үшін енді қыздар жазасын екі күн түрмеде өтейтін болды.
Еске сала кетейік, осыдан үш күн бұрын Талдықорған қаласындағы мәңгілік алау жанында билеген екі қыздың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түскен болатын. Жұрт қыздарды соғыс ардагерлерін еске алатын жерде билеп, олардың әруағын қорлады деп айтыптаған.
Дереккөз: 365info.kz