$ 443.44  480.51  4.88

ОҚО-да жұртты жұмысқа тұрғызып беремін деп, 5 миллион теңгені қалтаға басқан алаяқ ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті тұрғындарды жұмысқа тұрғызып беремін деп алдап, 5 миллиондай теңгені қалтаға басқан күдікті ұсталды. Ол өзін құқық қорғау органдарында жұмыс істеймін деп таныстырған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аудандық ІІБ-нің полиция бөліміне жергілікті ондаған тұрғын арызданған. Күдікті әрқайсысынан ақшаны әрқалай алған екен. Жәбірленген тұрғындардың бірі оған 500 мың теңгені санап бергенін айтып отыр. Келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеге жуық.

Артынша іздеу шараларын жүргізген полицейлер 1990 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Сөйтсе, жұртты жұмысқа тұрғызып берем деп жүрген күдіктінің өзі де жұмыссыз екен. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, алаяқтық бабымен полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары