$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО полицейлері 7 жыл бұрынғы қарақшылық қылмысын енді ашты

Оңтүстікқазақстандық полицейлер осыдан 7 жыл бұрын жасалған қарақшылық қылмысына күдіктілерді енді ғана ұстады. Жергілікті тұрғындардан құралған қылмыстық топ Мақтарал ауданында автокөлікке шабуыл жасап, оның иесін ұрлап кеткен болатын.

Аталған оқиға 2011 жылдың наурыз айында болған. Полицияға ол кезде ауданның үші тұрғыны арызданып келген. Олар арыздарында белгісіз тұлғалардың автокөлікті тоқтатып, қарумен қорқытып, ақша талап еткенін көрсеткен. Қарақшылар жәбірленушілерді Шымкент қаласына алып кетіп, ұрып-соғып, екі миллион теңгеден астам тұратын «Тойота» автокөлігін тартып алған екен.

Арада 7 жыл өткеннен кейін Мақтарал АІІБ 1 ПБ-нің қызметкерлері 5 күдіктіні - 1978, 1980, 1986 және 1992 жылғы жергілікті тұрғындарды қолға түсірді. Олардың бірінің Шымкентте болған оқиғаға қатысы бар екені анықталған.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде қарақшылық және адам ұрлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда. Айғақты зат ретінде автокөлік тәркіленіп алынды және оны заңды иесіне қайтарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары