$ 498.34  519.72  4.85

Желі қолданушысы полиция қызметкерлерінің көшеде қалта тексергенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері көшеде кетіп бара жатқан жігіттерді тоқтатып алып, елдің көзінше қалтасын тексерген. Facebook қолданушысы Құрал Медеуов осынау сәтті видеоға түсіріп, желіге жүктеді.

«Мына видеоны осыдан үш күн бұрын түсіріп алдым. Яғни 5 сәуір 2018 жыл. Біздің полиция қызметкерлері көшеде кетіп бара жатсаң тоқтатып алып, осылай елдің көзінше қалтаңды тексеріп ақтарады. Онымен қоймай, көлігіне отырғызып алып апарып қамап, екі-үш сағат уақытыңды алып, "понятой" болуға мәжбүрлеп, сосын барып жібереді. Мынау қаншалықты заңды немесе заңсыз екенін заңгерлер айтсын. Егер заңсыз болса мына полиция қызметкерлері заң жүзінде жауапқа тартылсын», - деп жазады блогер.

Хаң жүзінде полиция қызметкерлері кез келген адамды көшеде тоқтатып, қалтасын тексеруге құқылы емес делінген. Тек азамат әкімшілік құқық бұзса немесе бір іске күдікті деп танылса ғана полицейлер оны тінти алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары