Астана қаласының ІІД қызметкерлері ағымдағы жылдың 16 маусымында «Астаналық базар» СҮ («Артем») жанында болған оқиғаға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 1 шілдеде «Т» атты 1964 жылы туған азаматты ұстады.
Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Анықталған дәлелдерді ескере отырып, күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 274-бабымен (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу ақпарат тарату) қаралады.
3 шілдеде Алматы аудандық соты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Көрінеу жалған ақпарат таратудың жолын кесу жұмысы астаналық ІІД-нің қатаң бақылауында.