$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-ның бұрынғы әкімінің үйінде жасөспірім қатты жараланды: Сот шешім шығарды

Батыс Қазақстан облысы Бүрлі ауданының бұрынғы әкімі Қайырғали Имашевке қатысты сот үкім шықты. Имашев үйінде болған атыстан жапа шекке жасөспірімнің отбасына 3 миллион теңге өтемақы төлейтін болды деп жазады Uralskweek.kz.

Оралдың қылмыстық соты Қайырғали Имашевқа ҚР ҚК бойынша "Қару-жарақтарды үйінде қауіпсіз талаптарға сай сақтағаны үшін" 120 АЕК (288 600 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Тергеу мәліметі бойынша, биыл 21 қаңтар күні 15-16 жастағы жасөспірімдер бұрынғы әкімнің баласының туған күнін тойлап жатады. Ішінен біреуі суық қаруды екінші біріне абайсызда атып алады.

Арада 5-6 ай өтсе де бала алған жарақатынан әлі күнге өз бетінше қозғала алмайды. Мүгедек боп қалған балаға уақытылы күтім керек.

Сот айыпталушының денсаулығы нашарлағанын және кінәсін мойындағанын ескеріп, 10 миллион теңге талап еткен жәбірленушілердің шағымын қанағаттандырды. Енді ол 3 миллион теңге төлейді. Бірақ айыппұлды уақытылы төлемесе, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе қамауға алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары