$ 446.49  475.38  4.79

Заңның мүлтіксіз орындалуы халықтың сенімін арттырады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформа бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесін алға жүктеді. Сонымен қатар, Елбасы реформа аясында атқарылатын «100 қадам» Ұлт жоспары бойынша кәсіби білікті әрі тәуелсіз сот жүйесін дамытуды өзекті міндет ретінде тапсырған болатын. Шындығында, заңды қалтқысыз орындау принципін қатаң қадағалау экономикалық өсімнің кепілі болса, қоғамдағы заңның мүлтіксіз орындалуында ең бірінші кезекте сот жүйесі негізгі рөл атқарады.

Қазақстанның сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткеріп келгені белгілі. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық тетіктер енгізілуде. Ендігі күні Елбасының бастамасы аясында сот жүйесі одан әрі реформаланып, тәуелсіз сот қалыптасады, әділ сот үдерістеріне халықтың қолжетімділігі арта түседі. Айта кетерлігі, биылғы жылдың өзінде осы бағыттар бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жыл басынан бері сот органдарының автоматтық жүйесі жұмыс жасай бастаған. Ақпараттық технологиялар да сот өндірісіне енгізілуде, ал бұл дегеніңіз бюрократиялық кедергілерді жоюға ықпал етеді, сот жүйесінің ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек деген сөз.

Тоқтала кететін жайт, Елбасы айқындаған бес институционалдық реформаның екіншісі тұтастай заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Сондықтан да, бұл бағытта қыруар жұмыстар күтіледі. «Бес реформаның екіншісін жүзеге асыру аясында бірқатар ауқымды шаралар жоспарланып отыр. Соның ішінде әділ сот жүйесіне азаматтардың қолжетімділігін арттыра түсу үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру көзделеді. Бұл ретте әділсоттың бес сатылық жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалаушы және қайталама қадағалаушы) - үш сатылық жүйеге (бірінші саты, апелляциялық, кассациялық сатылар) көшу көзделеді. Енгізіліп жатқан үш сатылық сот жүйесі әлемнің дамыған елдеріне тән тәсіл», - дейді Астана қалалық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Шолпан Нүсіпова. Шындығында, сот жүйесінің бес сатылық үлгісі Кеңес Одағынан бері келе жатқан әрі әлем елдерінде қолданудан қалып бара жатқан ескі үлгі. Ал дамыған әлем елдерінің басым бөлігі үш сатылы жүйеде қызметті жандандырып отыр. Яғни, Қазақстан сот жүйесіндегі осындай оң өзгерістер арқылы халықаралық стандарттарға бір қадам жақындай түспек.

Судья Шолпан Нүсіпованың айтуына қарағанда, жаңа реформаға сәйкес, облыстық соттарда (Астана қалалық сотында) тек апелляциялық сатылар ғана қалады, ал кассациялық саты Жоғарғы Соттың құзырына енеді. Апелляциялық сатыда істер алқаларда қаралатын болады, ал жалғыз судьяларда - жеңілдетілген өндірістегі тәртіппен қаралатын істер беріледі.

Реформа аясындағы екінші бір басты мәселе - кәсіби сот жүйесін дамыту. «Азаматтардың сот жүйесіне сенімділігін арттыру көп жағдайда судьялардың кәсібилік деңгейіне байланысты болып табылады. Сондықтан да, Елбасы судьяларға қатысты қойылатын біліктілік талаптарын күшейтіп, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетігін қатайтуды жүктеді», - дейді Шолпан Нүсіпова. Бұл ретте оның айтуынша, судьяларға кандидаттар үшін жас шектеулері 30 жасқа дейін ұлғайтылады, соның ішінде кандидаттың сот процесстеріне қатысуы бойынша 5 жылдық жұмыс өтілі міндетті түрде болуы талап етілмек. Сонымен қатар, кандидаттардың кәсіби дағдылары мен біліктілігін тексеру үшін ситуациялық тест жүйесі енгізіледі. Ал ол тесттен өткен кандидаттар бір жыл бойы стипендия ала отырып, соттарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Бір жылдық тәжірибесі аяқталғаннан соң жас судьяларға тағы бір жыл сынақ мерзімі ретінде белгіленеді.

Соттарда жаңа келген жұмыс өтілі үш жылға дейінгі жас судьяларға көмекшілер институты енгізіледі, олар сот талқылауларына істерді дайындаумен, сот актілерінің жобаларын әзірлеумен айналысатын болады. Бұдан бөлек, ендігіде Әділсот институты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанында қызмет ететін болады. Аталған институт тұрақты түрде судьялардың біліктілік талаптарын арттыруды қамтамасыз етеді. Судьялар бойынша қолданыстағы тәлімгерлік жүйесі жетілдіріледі, кепілгерлік институты енгізіледі.

«Айта кетерлігі, бүгінгі күні Астана қалалық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының құрамында үш жас судья қызмет етеді. Сот төрағасының бұйрығымен оларға жұмыс тәжірибелері бар тәлімгерлер бөлінген, олар практикалық көмектерін беріп тұрады. Жұмыс жоспарына сәйкес, жас судьялар қалалық сотта тәжірибеден өтіп, біліктілікті арттыру институтынан білім алулары керек», - дейді судья Шолпан Нүсіпова.

Оның айтуына қарағанда, алдағы реформалар аясында соттардың есептілігі де күшейтіле түседі. Бұл ретте судья этикасына арналған жаңа кодекс әзірленбек, оның негізінде ҚР Жоғарғы Сотының жанынан құрылатын арнайы сот алқасына судьялардың әрекеттеріне шағымдану үшін заңды және жеке тұлғалардың құқықтары кеңейтіле түседі. Жалпы, Жоғарғы Сот жағында екі комиссия жұмыс істемек. Оның біріншісі судьялардың тәртіптік әрекеттерін, жауапкершіліктерін қарап, қадағалайтын болса, екіншісі - біліктілік талаптарына назар аударады. Оның аясында судьялардың кәсібіне жарамсыздығын тану, соттардың әрекеттеріне қатысты шағымдарды қарау мәселелері жатқызылады.

«Сот отырыстарының хаттамаларын жүргізу тәртібін бұзу судьяларға сенімділік деңгейін төмендетуі ықтимал себептердің бірі ретінде қаралатын болады. Сондықтан да, барлық сот процесстерінде аудио-бейне жазбаларды енгізу қажеттігі туындады деп ойлаймын. Бұл ретте аталмыш жоспар орындалып бітті деп айтуға болады, өйткені, қазіргі таңда сот отырыстарының барлық залдары аудио-бейне жазбалар құрылғыларымен толық жабдықталды», - дейді Астана қалалық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Шолпан Нүсіпова.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта сот жүйесіндегі реформалар бойынша инвестициялық дауларды қарастыратын жеке сот өндірісін құру көзделіп отыр. Бұл ретте Парламент жақында ғана қабылдаған Азаматтық процестік кодексінде Астана қалалық сотынан инвестициялық алқа құру туралы норма қарастырылған болатын. Екіншіден, ҚР Жоғарғы Сотының жанынан мамандандырылған сот алқасын құру көзделеді. Жаңадан құрылатын алқаның құзыретіне ірі инвесторлардың дауларын бірінші сатыда қарау енгізіледі. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Соты жанынан Халықаралық кеңес құру да заңдық негізде белгіленген. Бұл Халықаралық кеңес - жаңа консультативтік орган болып табылады. Ал шетелдік және отандық мамандар қатысатын сол Халықаралық кеңестің инвестициялық дауларды қараудағы консультациялары жалпылама ұсыным сипатында болады. Бұдан бөлек, Астана қаласында Дубай қаласының тәжірибесі негізіндегі Халықаралық төрелік орталығын құру жоспарланады. Осылайша, ҚР Жоғарғы Сотының жанынан шетелдік беделді судьялар мен сарапшыларды, заңгерлерді қатыстыра отырып құрылатын Халықаралық кеңес Қазақстанда озық әлем мойындаған стандарттардың қолданысқа енуіне ықпал етпек. Тұтастай алғанда Кеңес қазақстандық әділсот жүйесін жетілдіре түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер береді.

Тағы бәр мәселе, реформа аясында азаматтық-құқықтық даулар бойынша соттарда сот үдерістерін жеңілдету және сот үдерісін жеделдету үшін прокурорлардың қатысуын қысқарту шаралары да қарастырылады. Бұл бағыттағы жаңа нормалар да Азаматтық процестік кодекске енгізілген. Судья Шолпан Нүсіпованың айтуынша, қазірдің өзінде соттарда азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың қатысуын төмендетуге бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, биылғы жыл басынан бері соттарда мемлекеттік сатып алулар бойынша әділ емес қатысушыларды тану бөлігіндегі дауларға прокурорлардың қатысуы міндетті болып табылмайды, ал 2015 жылға дейін прокуратура органдары дәл осындай дауларға міндетті түрде қатысып келген болатын.

«Айта кетерлігі, тұтастай алғанда Елбасы айқындаған реформаларды ретімен сауатты түрде жүзеге асыру азаматтық-құқықтық қатынастарда субъектілер құқығын қорғау үшін жағдайлар жасайды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайта түседі», -деді Шолпан Нүсіпова.

Түйіндей айтсақ, Мемлекет басшысы заңның үстемдігі, әділдік пен баршаның заң алдындағы теңдігі қағидаттарының сақталуы гүлденген мемлекеттің негізі және экономикалық өсудің кепілі болып табылатынын айтқан еді. Ендеше, алдағы реформаларды сауатты атқару Қазақстанның жан-жақты дамуына да септігін тигізетін болады. 

Елбасының бастамасымен қабылданған бес институттық реформаны орындауға ба­ғыт­талған 100 нақты қадам туралы Ұлт жоспарының 11 қадамы тіке­лей сот жүйесінің заманауи мәселелеріне арналған. Осыған байланысты алқабилер, сот төре­лігінің сатылығы, судья эти­касы туралы және басқа да сот жүйесіне қатысты мәселелер жай­ында бірнеше жылдар бойы бұқаралық ақпарат құрал­дар­ында айтылып, жазылып келген пікірлерімді тағы да бір түйін­десем деймін.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Әділ қазылық ету – кез келген судья­ның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жет­кі­ліксіз. Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек. Қазы – халық ожданы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, дау айтушылар төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді. Айыпкер заң бұзғанға зауал бар екенін түсінеді. Сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуы – кез келген елдің кемел болмысының көрінісі», деген. Ал Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов: «Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт», деген еді. Сондай-ақ, бір хадисте былай делінген: «Бір рет әділ билік шығару алпыс тоғыз рет қажылық парызды орындап келуден ауыр, әрі абзал болуы мүмкін».

Осы айтылған дана пікір­лер­ді үлгі ретінде ала отырып, Қазақ мемлекеттілігінің фено­мені болған қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі үдесінен қарайтын болсақ, судья қызметіне үміткерге мынандай талаптар қойылса құба-құп болар еді. Бірінші талап – үміткер өмірлік те, кәсіби де мол тәжірибелі, жақсы мен жаманның аражігін ажырата білетін, жасы 30-ға толған жоғары, терең заң білімі бар, ары таза, адамгершілігі мол, парасатты да, мәдениетті, әділетті шешім қабылдауға жаны құштар, жоғары тұрған лауазым иелері мен басқа да адамдардың заңсыздыққа итеретін қоқан-лоқы әрекеттерінен қорықпай, қайсар мінезді адам болуы қажет. Облыстық сотқа 40-45 жасқа, Жоғарғы Сотқа 50-55-ке толған, төменгі сот сатыларында кемінде 5-10 жыл судья болып қызмет істегендер арасынан іріктеліп, таңдалып алынса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, судьялық қызмет, құқықтық-демократиялық елді құру және дамыту барысында, әділ, қатаң заң негізінде дұрыс билік айтуды талап ететін, әрі ол жөнінде соңғы болып нүкте қоятын, заң саласындағы ең шоқтығы биік, жауапкершілігі зор, мәртебесі бөлек, тек Елба­сы­ның Жарлығымен ғана тағай­ын­далатын мемлекеттік лауазым.

Екіншіден, үміткер судья­лыққа дейін тергеуші, әсіресе, адвокат немесе прокурор болып қызмет істеп келгені жөн. Яғни, құқық қорғау органдарында сот қызметіне байланысты, соған қатысты мамандықтарда өзін білімді, білікті заңгер ретінде көрсете білуі шарт. Үшіншіден, үміткермен бірге қызметтес болған, оны адами, кәсіби жағынан жақсы білетін екі-үш беделді азаматтар мен заңгерлер немесе тікелей бастықтары жазбаша мінездеме берсе және сонысына белгілі бір дәрежеде жауапты болса. Өйткені, сот жүйесінде әділдік орнатуды түбірінен, яғни маман дайындау ісінен бастаған жөн. Төртіншіден, қазақтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын, әдебиетін, мәдениетін біліп, имандылық сабақтарын оқып, сусындаған азамат болса дейміз. Бесіншіден, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын, жан-жақты ойлайтын, өзіндік пікірі бар маман болуы шарт. Алтыншыдан, би болғысы келетіндерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әрі жеке тексерулер арқылы сұрыптап, кейін де осындай сынақтан тұрақ­ты өтіп тұрса.

Осыдан шығатын қоры­тынды, би болуға ұмтылған адамға ең бірінші шарт – оның барлық жағынан таза болуы. Қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау мәселесі жайында негізінен заңдық, материалдық және азаматтардың құқықтық сауатының төмендігі, жергілікті халықтың өзіне тән менталитеті мен психология­сы, жер аумағының кеңдігі мен халықтың сирек орналасуы тұрғысынан да қиындығы мен күрделілігі бары рас. Ата-бабаларымыз негізін қалап кеткен, қазіргі кезде ұмыт қалған билер соты – дала демократиясының нағыз үлгісі болғаны, түрлі дау-дамайларды әділ шешіп, қара қылды қақ жарғандай етіп, әділ билік айтуда теңдессіз болғаны тарихи шындық екені белгілі. Алайда, ол кезде би сайланбайтын да, тағайындалмайтын да. Тек елдің тарихын, әдет-ғұрпын жетік білетін білімді, білікті, шешен адамдарды халықтың өзі нағыз би деп санаған, мойын­даған, дау-дамайды шешіп беруге тікелей жүгінген.

Ал қазіргі алқабилер туралы айтар болсақ, оның қара­пайым халықты сот билігіне, сот төрелігін атқаруға тарту мақсатында игі оймен қатар, кемшін тұстары да жеткілікті деп ойлаймын. 2012-2014 жылдары аралығында алқабилердің қатысуымен республика бо­йынша 762 тұлғаға байланысты 530 қылмыстық іс қаралыпты. Оның ішінде 63 тұлға ақталған екен. Былайша қарасаңыз, алқабилер жүйесінің табиғаты қазақ топырағына тіптен жат емес. Кешегі күнге дейін от ауызды, орақ тілді шешендеріміз бен билеріміздің отбасы, ошақ қасынан асып, ширыққан дауларды жалғыз ауыз уәлі сөзімен тежеп, қынаптан суырылған қылышты тоқтатуы қарапайым жұртшылықтың аталы сөзге қаншалықты бас иіп, құрметпен қарағанын көрсетсе керек.

Рас, тарихы тым тереңде жат­қан алқабилер жүйесінің АҚШ пен Ұлыбритания сияқ­ты алпауыт мемлекеттерде бас­тапқы сабақтастығын үзбей, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқандығының сыры, олардағы отырықшылық пен халықтың тығыз орналасқандығына және өзге мемлекеттермен салыс­тыр­ғанда экономикалық және әлеуметтік жағдайындағы ерек­шеліктерге де тығыз байланыс­ты ма деп ойлаймын. Оған бұл елдердегі атам замандардан қалыптасқан жұртшылықтың құқықтық сауатының жоғары деңгейін және заң талаптарына бағыныштылығы мен оған деген құрметін қоссаңыз, сот жүйесіне күні кеше ғана бір бүйірден қосылған алқабилер жүйесінің қазақ топырағына неліктен сіңісіп кете алмай жатқандығын түсінуге болады. Әлемдік тәжі­рибеде алқабилердің ағылшын-саксондық және континентальды сияқты екі түрі қалыптасқан. Бір қызығы, біз басшылыққа алып жүрген қазақстандық алқабилер жүйесі сол екеуінің біріне де жатпайды. Оның машақаты мен алашапқын жүгірісі алқабилерге үміткер іздеп, іріктеуден бас­талады. Кейбір облыстарда алқабилер қатарына 200-250-ге дейін үміткер шақырылады. Талап бойынша іріктелінетін үміткердің саны 26 адамнан кем болмауы керек. Одан аз болса, қайтадан 160-200 адамның тізімі жасақталып, мәресіне таяп қалған кезде үзіліп қалған жұмыс қайтадан басынан бас­талады. Соншама еңбекпен жасақталған алқабилердің құқықтық сауатының төмендігі, қарапайым нәрсеге өз баға­сын бере алмай, судьяға жал­тақ­тап отыратындығы өз алдына бір бөлек әңгіме. Сот про­цесіне төрағалық етуші судья алқабилерге айыптың мазмұ­нын, айыпкерге тағылып отыр­ған қылмыстық заңның баптарына жеке-жеке тоқталып, қалай дәрежеленетіндігін, белгі­лерін, жаза түрлерін және де қыл­мыстық істер жүргізу кодексінің осыған қатысты барлық баптарын және де басқа да мән- жайларды тәптіштеп бе­руі керек. Ал заңнан хабары аз не­месе хабары жоқ алқабилерге мұны түсіндіру, әрине, үлкен қиындық тудырары сөзсіз.

Осы жерде мынандай сауал туындайды, егер қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, айыпталушының ақ-қарасы солардың ұйғарымымен анықталатыны рас болса, онда судья неге олармен бір­ге ақылдасу бөлмесіне баруы керек. Қызығы бұл да емес, қызығы сотталушының іс-әре­ке­тінің саралануы мен тағайын­далатын жаза мөлшеріне нақ­ты пікірлерін білдіретін алқа­билердің шыққан үкімнің заңсыздығы мен негізсіздігіне жауап бермейтіндігінде. Адам тағ­­дырына қатысты үкім алқа­­билердің даусымен ше­шілсе де оның ертеңгі бүкіл ар-ұяты бәрібір судьяны іздеп табады. Жаман айтпай жақсы жоқ, алқабилердің қатысуы­мен қабылданған үкім ертең жоғары сатыларда бұзылып жатса, әдеттегідей жұрт ең алдымен судьяның тазалығына күмән келтіріп, оның қызме­ті­нен кір іздеуге бейім тұрады. Сонымен қатар, әрбір алқабиге сот процесіне қатысқан күн­деріне заң талабына сәйкес төрағалық етуші судьяның күндік жалақысының 50 пайы­зы төленуі қажет. Ал бүкіл рес­публика бойынша қаншама қаржы жұмсалатындығын есептей беріңіз. Сондықтан да, қаржы жағынан болсын, сот үкімдерінің заңды, негізді қабылдануы жағынан болсын, алқабилердің санын мейлінше азайтқан дұрыс секілді. Сонда соттар басы артық шаруадан құтылып, мемлекет текке кетіп жатқан қаржыны үнемдер еді.

Енді сот сатылығы жөнінде. 100 нақты қадамда айтылған­ды қолдаймын. Өйткені, азамат­тардың сот төрелігіне қолже­тім­ділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтай­лан­дырып, үш сатылы сот төре­лігі жүйесіне көшу уақыт талабы. Айтайын дегенім, екі сот сатысы бір шатырдың астын­да болмауы тиіс. Ол үшін облыс­тық соттарды төрт аймаққа бө­ліп, аймақтық соттар құрып, кассациялық сот алқасының атқа­ратын міндеттерін соларға жүктесе. Әйтпесе, үлкен бір ағ­за­ның мүшесі іспеттес кас­сация­лық алқаның өзіне дейінгі апел­ляциялық сатының шығарған шешімін өзгертуге, бұзуға келгенде сот төрағасына қарап жалтақтап қалуы мүмкін. Ал Жоғарғы Сот мемлекетіміздің қауіпсіздігіне байланысты аса маңызды істерді қараумен және нормативтік қаулыларды қабылдаумен айналысса».

«Халыққа бай құт емес, би құт» деген екен Төле би. Және де «ханда қырық адамның ақылы болса, биде қырық адамның ары мен білімі болады» депті. Осы айтылғандарды терең зерделесек ел-жұрт, мемлекет алдында судьяның орны да, қызметі де зор екенін анық байқаймыз. Судья, би, шын мәнінде, мемлекет пен қоғамның, заңның ірі тұлғасының бірі емес пе!

Дана Абай: «Иманның таза­лығын шын ұқтырмай, сыртын қан­ша жуса да іші оңбаған», деген екен. Бізде имандылық жетіс­пей жатады. Тазалығы болма­ған адам, мейлі білімді, мей­лі ақылды, кім болса, ол бол­сын, ешкімге опа бермейді. Өйт­кені, ең жоғарғы сот – ол ар соты. Заңсыз үкім шығарған судья өзі­не өзі үкім шығарғанмен тең.

Елдің іргесін мықтап бекітіп, шаңырағын шайқалтпау жолындағы саяси-интеллектуалдық күрес, дүниенің төрт бұрышынан жинақталған мемлекет құру тәжірибесін зерделеген ізденіс Елбасын үш ұлы пайым-тұжырымға және нақты қадамдарға әкелді. Атап айтқанда, Президент Н.Назарбаев 1994 жылғы наурызда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісінде көрегендікке толы – Еуразиялық экономикалық одақ идеясын ұсынды, сол жылы шілдеде елорданы Ақмолаға көшіру жөнінде түпкілікті шешім қабылдады. Ал 1995 жылғы тамызда, яғни осыдан тура 19 жыл бұрын екінші Конституция бүкілхалықтық референдуммен мақұлданып, ел тағдырына қатысты барлық жауапкершілікті Нұрсұлтан Назарбаев өз мойнына алды.

Сөйтіп, біз мемлекетті басқарудың президенттік жүйесіне қадам бас­тық. Оның себебі де жоқ емес еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында билік тұтқаларының текетірестігі кесірінен, әрі сыртқы-ішкі «үрит, соқ» күштердің желпуімен бір бүтін елдің екіге бөліне жаздау қаупі туды. Мәселен, Ертістің оң жағалауы сол жағалауына көз алартса, Жайық казачествосы шпор­ларын сартылдатып, Оралдың көшелерін шаңдатып жатты. Нақ осы кездері қазақстандық бір топ депутаттар Мәскеуге жиналып, өз алдына көлеңкелі үкімет пен Қазақстанның аумағын бөлшектеуді көздейтін іріткісалушы қозғалысты құруға бастама көтергендері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болды және олардың тараптарынан жергілікті өзін-өзі басқару құқына ие болу арқылы солтүстік облыстарды Ресейге беру жөнінде талаптар қойыла басталды. Мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу қажеттілігінің осындай сын сағатында ел басқару жүйесін бір ізге салу керек болғандығы, оның ең тиімді жолы тікелей президенттік билікті орнықтыру екендігі түсінікті жағдай болатын.

Сол жылдары Жоғарғы Кеңес депу­таттарының арасынан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына қарсылық көрсеткендер де болып жатты. Осыған байланысты мына бір жағдайды айтпай кетпеске болмайды. Канада жазушысы Эрнест Сетон-Томпсонның бір әңгімесінде аңшылардың соңына салған көп итінен қашқан елік, жаны қысылған соң сол адамдардың, яғни иттерді салып тұрған аңшылардың арасына келіп тығылатындығын мысал ете отырып Қадыр Мырзалиевтің «Орыс ағайындар, бүгінгі қазақ тілі сол аңшылардың итінен қашқан еліктің күнін кешіп отыр. Оның тағдыры тек сіздердің қолдарыңызда» деп жасаған баяндамасынан кейін ғана депутаттар екінші қайтара дауыс беріп, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып Конституцияға кіргенін екінің бірі біле бермейді. Бұл, әрине, Қадыр ағаның тапқырлығы мен білгірлігінің арқасы.

Сол жылдары Жоғарғы Кеңес депу­таттарының арасынан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына қарсылық көрсеткендер де болып жатты. Осыған байланысты мына бір жағдайды айтпай кетпеске болмайды. Канада жазушысы Эрнест Сетон-Томпсонның бір әңгімесінде аңшылардың соңына салған көп итінен қашқан елік, жаны қысылған соң сол адамдардың, яғни иттерді салып тұрған аңшылардың арасына келіп тығылатындығын мысал ете отырып Қадыр Мырзалиевтің «Орыс ағайындар, бүгінгі қазақ тілі сол аңшылардың итінен қашқан еліктің күнін кешіп отыр. Оның тағдыры тек сіздердің қолдарыңызда» деп жасаған баяндамасынан кейін ғана депутаттар екінші қайтара дауыс беріп, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып Конституцияға кіргенін екінің бірі біле бермейді. Бұл, әрине, Қадыр ағаның тапқырлығы мен білгірлігінің арқасы.

Жалпы, 1993-те де, 1995 жылы да Конституцияның қабылдануы оңай іс болған жоқ. Енді міне, кезінде қазақ қоғамының құқықтық тепе-теңдігін сақтауға ықпал еткен халықтық асыл қазыналар болып табылатын Әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Қасымханның қасқа жолына» пара-пар келетін Тәуелсіз Қазақ елінің Конституциясы мемлекеттің дамуындағы өтпелі және даму кезеңіндегі заңдылықтарды ретімен іске асырып келеді. Тоғыз бөлімнен тұратын Конституцияда азаматтарымызға толық жағдай жасалған. Ата Заңымыздың алғашқы бабының алғашқы тармағында-ақ, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғанын байқайсыз. Яғни, азаматтың өмір сүруіне, білім алуына, қызмет етуіне және зейнеткерлікке шығып, демалуына, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік берілген. Жынысына, жасына қарамай, сондай-ақ, ақсүйектік пен қара топ деп аражігін ажыратпай, елдің әр азаматына адам баласына тең құқығы берілді. Заң бұзса жазалануы мен жауапқа тартылуы да шен мен шекпенге бөлінбей, сот орындары алдында кесілген үкіммен шартты жазасын алады.

Мемлекеттің жеке адамға деген қамқорлығының жарқын бір мысалы ретінде үлескерлер мәселесін алайық. Әлемдік экономикалық дағдарыстың құрылыс секторына кері әсерінен, сондай-ақ, үлестік құрылысқа салынған қаржыны қалтаға басқан кейбір басшылардың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен үлескерлерге мемлекет бейжай қарай алмады. Елбасының тікелей тапсырмасымен және қатаң қадағалауымен Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінді. Нәтижесінде жекелеген азаматтардың үй мәселелерін толық шешуге мүмкіндік туды. Бұл жерде, мемлекет жекеменшік компаниялар мен жеке азаматтар арасында өзара жасалған коммерциялық келісімнен туындаған іске араласпаса да болатын еді. Өйткені, нарықтық экономика талаптарына сәйкес көптеген елдер жеке азаматтар мен жекеменшік компания арасындағы нақты мәселеге араласу орынсыз деп біледі. Демек, бұл тәжірибені алғаш болып қолға алып, іске асырған да біздің ел болып отыр.

Кең қазыналы, ырысқа толы қазақтың ұлан-байтақ жері де Ата Заңнан тыс қалмаған. Нақтырақ айтқанда, мемлекет байлығын, қазынасын, ішкі және сыртқы тәртібін шетелдерге таныстырылуы түгел заңды түрде қамтамасыз етілген. Осылайша, халық пен мемлекеттің жағдайын барынша кең қамтыған Конституция тармақтары бойынша тиісті заңнамаларға сүйене отырып, ел игілігіне бағытталған іс-шаралардың толассыз атқарылуының нәтижесінде көрші елдерден экономикамыз озық шықты. Жаһанды қамтыған дағдарыс қыспағынан Қазақстан халқы қиналмай өтті. Бұл жасы жиырмадан жаңа ғана асқан мемлекет үшін үлкен жетістік.

Ең маңыздысы, сан ғасыр бойы арман мен мұраттың жемісті нәтижесі болып келген еліміздің егемендігі оның бүкіл аумағын қамтитыны, мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ететіндігі Конституцияда анық көрсетілді. Ата Заң халқына қам жасап, жас ұрпақтың өскелең болашағын ойлаған мемлекетті – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп таныды. Дәл осы Заңның 30-бабында көрсетілгендей, елімізде азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік берілген, ал мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқы бар болып саналады. Бұл – қоғамды білімді, сауатты адамдар түзсе, елдің де келешегі жарқын болатынын бейнелейді. Яғни, біздің ілгері өркендеп, теңдес және дамыған елдердің қауымдастығына нық қадам басамыз ба, әлде өткеннен жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба – ол қазақ халқының парасатына байланысты. Олай болса, қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр.

Иә, біздің ұлы мақсатымыз – этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық – егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек. Осы орайда конституциялық негізде кепілдік берілген сөз еркіндігін ретімен әрі орынды пайдалану аса маңызды. Әрине, «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Сөз еркіндігінің, жариялылықтың қоғамның өркениетті негізде дамуына тигізетін пайдасы мол. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың басты көздегені де осы. Бүгінде еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 80 пайыздан астамы мемлекеттік емес болып танылады. Оппозициялық және партиялық басылымдардың да саны айтарлықтай, ал олардың бір мезгілдегі таралымы саяси-қоғамдық бағыттағы БАҚ-тардың барлық таралымының жартысынан астам. Яғни, сынау жағынан келгенде кенде емеспіз және оның басым бөлігі билікке бағытталып жатқаны жасырын емес. Қайсыбір басылымдар бетінен басынан аяғына дейін тек бірыңғай қаралау, жаппай жазғыру, адамдардың жеке басына тіл тигізу мен ар-намысына тиісу сыңайында жазылған дүниелерден көз тұнады. Олар жайлы сөз болғанда ақын Күләш Ахметованың мына шумағы еске түседі.

Қазақты жамандама, қазақ бала, Халық қой қазақ деген, аз-ақ қана. Мәңгілік ай астында, жер үстінде, Қазақтың қамын ойлар қазақ қана! Ендеше, бізді ыдыратуға және ынтымағымызды бұзуға бағытталған кез келген ықпалға белсенді түрде қарсы тұру үшін әрқайсымыздың бойымызда мығым мінез бен үлкен ұстамдылықтың болғаны ләзім. Сонымен қатар, Ата Заңды сыйлау, құрметтеу, әспеттеу, өз құқыңды жетік білу мемлекетіңе, қоршаған ортаңа деген жарасымды сыйластық болып табылады.

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болды. Палата отырысын сөз сөйлеп ашқан Төраға Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының маңызына ерекше тоқталды.

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болды. Палата отырысын сөз сөйлеп ашқан Төраға Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының маңызына ерекше тоқталды.

– Біз бәріміз ел өміріндегі аса маңызды саяси әрі шын мәніндегі тарихи оқиға – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының куәсі болдық, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. – Бұл Жолдау 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегияны орындауға бағытталған кешенді бағдарлама болып табылады. Жолдау – қалыптасқан мемлекеттің серпінді дамуының негізгі тетіктерін, әлеуметтік-экономикалық өрлеу жолын жан-жақты нақтылайтын тарихи құжат. Ең бастысы, Президент еліміздің орнықты дамуына негізделген іс жүзіндегі ұлттық идея және мемлекеттік идеология болып табылатын Мәңгілік Ел тұжырымдамасын негіздеп берді. Халқымыздың арман-мүддесін айшықтау, әл-ауқатын арттыру және келер ұрпақтың қамын ойлау – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясатының алтын арқауы. Олай болса, палата алдында тиісті заңдарды уақтылы әрі сапалы қабылдау міндеті тұр. Белгіленген стратегиялық мақсаттар Парла­мент пен Үкіметтен бірлесіп жоғары жауапкершілікпен қоян-қолтық жұмыс істеуді талап етеді.

Бұдан кейін сенаторлар күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмауға қатысты хаттамаға өзгерістерді көздейтін заң жобасы қабылданды. Хаттама 2010 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында жасалған. Екі ел заңнамаларында көзделген өзгерістерге сәйкес, хаттамамен «Қазақстан», «резидент» деген терминдерге, сондай-ақ, конвенцияның «Өзара келісу рәсімдері», «Ақпарат алмасу» деген жекелеген баптарына өзгерістер енгізіледі. Қаржы министрінің міндетін атқарушы Руслан Дәленовтің айтуынша, бұл өзгерістер уағдаласушы мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және салықтан жалтаруды болдырмауға әрі осы салада ақпарат алмасуды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта құру және даму банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қолдау тапты. Келісімде банктің еліміз аумағында пайдаланатын мәртебесі, иммунитеттері, артықшылықтары және алып қоюларын растау және айқындау мақсаттары қарастырылады. Сонымен бірге, иммунитеттерден бас тарту және банкті құру туралы оған дейін бар артықшылықтарға қосымша артықшылықтар беру жағдайларын нақтылайды. Мұн­дай артықшылықтар мен иммунитеттерге банк мұрағаттарына және оған тиесілі барлық құ­жаттарға немесе орналасқан жеріне, нысанына қарамастан, өзі ұстаушы болып табылатын құжаттарға қол сұғылмаушылық жатады.

Бұл ретте банк өзінің ресми қызметінің шегінде Қазақстан аумағында сот ісін жүргізудің кез келген нысанынан иммунитетке ие болатынын айта кеткен жөн. Банк пен оның активтері, мүлкі, табысы, мәмілелері, операциялары мен пайдасы тікелей салық салудан, кез келген алымдар мен аударымдардан босатылады. Аталған халықаралық қаржы институтының қызметкерлері зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық сақтандыру жүйесі саласындағы, валюталық шектеулерден босату туралы артықшылықтарды да пайдалана алады. Әйтсе де, мұндай артықшылықтар Қазақстан азаматы болып табылатын банк қызметкерлеріне жүрмейді.

Бұдан басқа, палата кеше «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына бастамашы болған бір топ депутаттың бірі сенатор Людмила Полторабатько енгізіліп жатқан өзгерістерге түсінік бере кетті. Жалпы, 2013 жылы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 55 мыңнан астам қорғау туралы ұйғарым шығарылса, заң күшіне енгелі бері олардың саны 143 мыңнан асқан. Депутаттың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы тағы бір маңызды шара құқық бұзушылық әрекет­теріне байланыс­ты оларды сот қаулысымен 3-тен 12 айға дейінгі профилактикалық есепке алу. Белгілі болғанындай, соңғы 7 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстар саны 1611-ден 684-ке дейін төмендеген. Әсіресе, кісі өлімі 588-ден 218-ге дейін азайған. Баяндамашы мұның әлі де жоғары көрсеткіш екенін атады.

Заң жобасында соттар­дың шешімін әдейі орын­да­майтындарға жауапкершілік енгізіліп отыр. Жапа шеккендерді әлеуметтік көмек алатын, қиын жағдайға тап болғандар санатына жатқызу жағы да назарға алыныпты. Бұрын қолданылып келген айыппұлдың орнына әкімшілік қамау ұсынылған. Заңдық құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушінің бір ғимаратта бірге тұруына тыйым салу да көрініс тапқан. Бұл ретте жәбірленушінің басқа уақытша балама тұрғын жайы болуы керектігіне баса назар аударылып отыр.

Заң жобасында соттар­дың шешімін әдейі орын­да­майтындарға жауапкершілік енгізіліп отыр. Жапа шеккендерді әлеуметтік көмек алатын, қиын жағдайға тап болғандар санатына жатқызу жағы да назарға алыныпты. Бұрын қолданылып келген айыппұлдың орнына әкімшілік қамау ұсынылған. Заңдық құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушінің бір ғимаратта бірге тұруына тыйым салу да көрініс тапқан. Бұл ретте жәбірленушінің басқа уақытша балама тұрғын жайы болуы керектігіне баса назар аударылып отыр.

Талқылау барысында сөз алған сенатор Бірғаным Әйтімова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары ең бірінші мемлекет тарапынан көмек алуы керектігін алға тартты. Депутаттың пайымынша, талқыға түскен заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтағы барлық проблемаларды шеше алмайды. Дегенмен, мұнда қордаланған проблемаларды тарқатуға кезекті қадам жасалып отыр. Жапа шеккендерге жергілікті көмек көрсету ұйымдары тарапынан қолдау жасауға болатыны, алайда ондай ұйымдар кейбір өңірлерде мүлдем жоқ екені және жергілікті органдар сенім телефондарының үздіксіз қызметін шешу керектігі де қаперге салынды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетін қайта атау да шешімін тапты. Енді бұл комитет «Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті» деп аталатын болды. Комитет төрағасы Ақан Бижанов оның өзгертілуі Елбасының әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылу туралы міндетімен байланысты деп түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары