$ 442.05  474.14  4.74

Оралда қайын атасы бұрынғы келінін асқан айуандықпен өлтірген

Оралда 51 жастағы Асылбек Омаров бұрынғы келінің асқан айуандықпен өлтірген. 23 шілде күні Оралдағы ауданаралық мамандандырылған сотта 28 жастағы Ақерке Қозекешованың өліміне қатысты сот отырысы басталды деп жазады Уральская неделя.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақерке 8 шілде күні Оралдағы бұрынғы күйеуі Саят Қозекешов және 2 жасар ұлымен кездесу үшін ата-енесінің үйіне барады. Ақерке бұрынғы күйеуі мен қайын атасына кемсітетін сөздер айта бастайды. Үшеуінің арасында жанжал туындайды.

"Ақерке мен күйеуі 2 жасар ұлын алып, жалдамалы пәтерге таксимен кетеді. Қайын атасы да олардың ізіне түсіп, екеуі жалдаған үйге барады. Олардың пәтерін дауыстарынан тапқан Асылбек Омаров ұлы мен немересінің үйден шығып кеткенін күтіп, Ақеркемен сөйлесу үшін есікті қағады. Бұрынғы келіні оны тағы да кемсіте бастайды. Сол кезде ол келінің шапалақпен салып қап, аяқ киімінің бауымен қылқындырып, ас үйдегі пышақпен кеудесесін жарақаттайды. Ақерке жүрек тұсынан алған ауыр жарақаттан көз жұмады", - дейді прокурор.

Марқұмның ата-анасы қылмысты тек бұрынғы құдасы істеді дегенге сенбейді. Олар ұлы екеуі бірігіп, қыздарын өлтірген деп күдіктенеді. Себебі, бұрынғы күйеу балалары Ақерке қайтыс болғаннан кейін 10 күн жоғалып кетіпті.

Әзірге күдікті Асылбек Омаров жәбірленуші тарап талап етіп отырған 10 миллион теңге моральдік шығынды беруге келіспей отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс #Орал