$ 494.87  520.65  4.91

Сарыағашта зорланған 7 жасар баланың адвокаты істі жылы жауып, жалған сөйлеген Абай ауылындағыларды сотқа бермек

Адвокат Құрманғазы Мүсір Абай ауылында зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты мән-жайлардың басын ашты деп жазады caravan.kz.

Адвокат өзі мен 7 жасар баланың отбасын қорқытатындар көбейіп кеткенін айтады. 

«Мен Түркістан облысындағы Абай ауылында тұрамын. 2018 жылдың 14 қаңтарында маған түрлі заңгер, мектеп директоры, білім бөлімі, аурухана, прокуротураға барып амалы таусылған әжей келді. Ешқайсысы оның арызына құлақ асқысы келмген. Бәрі істі  жылы жабуға тырысқан. Ал әжейдің адвокат жалдауға мүмкіндігі болмаған»,  –  деген ол істі қолға алғалы көмектескендерге алғысын білдірді. 

Алайда сот үкімі шығып, жаза кесілгенімен, адвокатты және 7 жасар баланың отбасына «өлтіріп кетеміз» деп қоқан лоқы көрсететіндер көбейіп кетіпті. Сол үшін заңгер әжейдің басқа облысқа көшкісі келетінін айтады. 

«Олар үйді тастап, басқа жаққа кетіп қалғысы келеді. Бірақ мүмкіндік болмай тұр. Мемлекет осы тұрғыдан көмек берсе дейміз. Мен де туыстарым үшін қатты алаңдаймын», – дейді ол. 

Енді Құрманғазы Мүсір кезінде жалған сөйлеп, істі жылы жапқысы келген абайлықтардың үстінен шағым түсіруді жоспарлап отыр. Олардың арасында аудандағы депутат, полиция қызметкері, мектеп директоры және психолог бар. 

Еске сала кетейік, 10  қаңтар күні Түркістан облыстық мамандандырылылған ауданаралық соты Абай ауылында зорланған 7 жасар балаға қатысты үкім шығарды. Қылмысқа қатысы бар 15 жастағы жеткіншек 7 жылға бас бостандығынан айрылды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары