Ақтөбеде мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір осы оқиға бойынша тергеу басталды деп жазады ҚазАқпарат.
«Ақтөбе қаласында мектеп оқушылары арасында төбелес болып, Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Төбелестің себебі анықталады. Әрі осы бағыттағы қылмыстың алдын алу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына құжаттар дайындалады. Айта кетейік, Ақтөбеде оқушылар арасыныда төбелес жиілеп кетті. Таяуда дарынды балалар мектеп-интернатында төбелес болып, бір оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын. Сонымен қатар, тағы бір мектеп оқушысының бірі екіншісіне пышақ ала жүгірді.