$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда трансгендер-бойжеткен колония қызметкеріне зорлық көрсетті деп айыпталды

Алматыда трансгендер-бойжеткен Виктория Берікхожаева колония қызметкеріне зорлық көрсетті деп айыпталды. 11 қаңтар күні түскен арызға қатысты сот отырысы қашан өтетіні әзірге белгісіз деп жазады Sputniknews.kz.

Берікхожаеваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес «Қоғамнан оқшауланған мекеме қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қаупі» деген айып тағылған. 

Егер қылмысы дәлелденсе ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

2016 жылы есімін Виктория деп өзгерткен Кәрімжан Берікхожаеваны полицейлер Алматыдағы кафелердің бірінен ұстап алған. Ол өзі сияқты трансгендерге қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалаған. Егер бермеген жағдайда жынысын ауыстырғанын жария етемін деп қорқытқан. 

2017 жылы Виктория өз кінәсін толық мойындады. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырып, қыздар колониясына жіберді. 

Былтыр құқық қорғаушы Айман Омарова Викторияның колонияда шу шығарғанын жазған еді. Айтуынша, трансгендер-бойжеткен өзіне қыз сияқты қарым-қатынас жасамаған колония қызметкерінің киімін жыртып тастаған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары