$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында 40-тан астам тұрғынды алдады деген әйелдің ісі сотқа жолданды

Тергеушілер Түркістан облысының 40-тан астам тұрғынын алдаған алаяқ әйелге қатысы бар істі сотқа жолдады деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың наурыз айында Түркістан қаласының ҚПБ-на жергілікті тұрғыннан мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деп,  ақшасын алған азаматшаға қатысты арыз келіп түседі. Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 190-бабы «алаяқтық» бойынша  СДТБТ-не тіркеуге алынды. Полиция басқармасына дәл осындай жайтқа қатысты оншақты арыз келіп түскен.

«Қылмысты ашу мақсатында ТО ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері  жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде  Түркістан облысының жұмыссыз жүрген  жергілікті тұрғынды құрықтады.Полицейлердің анықтауы бойынша, алаяқ әйел жұмысқа орналастырып беремін  немесе мемлекеттен қаржы алып беремін деген жалған уәдемен, адамдардың ақшаларын алып отырған. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтықтың  41 жайтына қатысы бар екендігі және жәбірленушілерге 1,5 миллионға жуық залал келтіргендігі анықталды.   

Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуын сұрайды. Сонымен қатар, бөтен адамдардың сұрақтарына немесе танымайтын нөмірлерге жауап бергенде жеке мәліметтеріңізді айтпағаныңыз жөн. Егерде сіз алаяқтардың  құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз», – департаменттегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары