Нұр-Сұлтан тұрығына пәтерін интимдік қызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер рейдтік тексеріс барысында 40 жастағы әйелдің Уәлиханов көшесіндегі пәтерін жезөкшелерге жалдауға бергенін анықтап, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Арнайы рейдтік шара барысында 240 мың пәтер мен 30 мың жеке үй тексерілді. Солардың ішінде жалға берілетін 700 пәтер жайлы ақпарат Нұр-Сұлтанның Мемлекеттік табыс департаментіне жіберілді.