Талдықорғандағы супермаркеттердің бірінде атыс болып, салдарынан жергілікті тұрғындардың бірі жараланды, деп хабарлайды zakon.kz
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметкерінің хабарлауынша, 2 мамырда Талдықорған қаласында 37 жастағы ер адам атыс салдарынан ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпараттарға сәйкес, жәбірленуші белгісіз біреумен жанжалға түсіп, артынан тапаншадан жарақат алған.
Ірі супермаркеттердің бірінде болған оқиға бақылау камерасына түсіп қалды.
Қылмыскерді анықтағаннан кейін тәртіп сақшылары оны республикалық іздестіру тізіміне енгізді.
«Еліміздің барлық полиция бөлімшелеріне қылмыскердің суреті жіберілді, сондай-ақ, әлеуметтік желілерге де жарияладық. Талдықарғандағы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде күдікті адам жалға алынған пәтерлердің бірінде ұсталды. Дәл қазір күдікті қалалық полицияның уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз today.kz