$ 494.87  520.65  4.91

«Жала жапты, қорлады»: алматылық блогерге айып тағылды

Сот құжаттарына сәйкес, Баяандароваға «Жала жабу», «Қорлау» бабы бойынша айып тағылуда.

Алматылық танымал блогер Әсел Баяандарова жала жапты және қорлады деп айыпталуда. Жоғарғы Соттың сайтында осындай ақпарат пайда болды, деп жазады Stan.kz. 

Сот құжаттарына сәйкес, Баяандароваға «Жала жабу», «Қорлау» бабы бойынша айып тағылуда. Екі баптың екінші бөлігінде бұл әрекеттер көпшілік алдында жасалғанын немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып жасалғандығы көрсетілген.

Екі бап бойынша, Баяндароваға 200-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, түзеу немесе қоғамдық қызмет, тіпті екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі бар.

Блогер Асель Баяндарованың Facebook-тегі парақшасында анасын жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткенін, ауруханаға жеткізіп, апат туралы айтпауды өтінгенінін жазған.

Баяндарованың айтуынша, анасын бірнеше сағат көндіріп, тіс жармауы үшін жүз доллар ұсынған, бірақ анасы бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы