$ 498.34  519.72  4.85

«13 жастағы өгей қызын зорлаған» деген күдікпен Алматыда 42 жастағы азамат ұсталды

Жәнел биыл 18 жасқа толды.

Алматыда 42 жастағы азаматқа қатысты заңсыз қару-жарақ сақтады, өгей қызын зорлады деген күдікпен тергеу басталды. Күдікті – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жезөкшелерге сутенерлік жасағаны үшін ұсталған оның өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Травматикалық қару болған азамат Шам елінде жихад жасауға дайындалған көрінеді. Ал осы өгей әкесінен 4 жылдан аса зорлық көргенін айтқан бойжеткен қазір психологтардың бақылауында, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Күдіктінің әйелі болса, бұрынғы күйеуінің үйқамақта отырғанына наразы. Өгей әкемнен зорлық көрдім деген Жәнел оның атын естісе кеудесіне өксік тығылып, тұншығады. Кәмелет жасына толмаған қызды 4 жылдан аса жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген көрінеді. Сұмдық қылмыс туралы осы жылдың көктемінде айтылыпты. 

Жәнел, жәбірленуші: 

"13 жасқа толғанымда, алғаш рет зорлады. Оны анама айта алмадым. Екеуі қаншама жылдан бері бірге тұрады, отбасының шырқын бұзам ба деп қорықтым. Ол кезде екеуінің 4 баласы болды. Ал анам үйде жоқта өгей әкем мен кейінгі інім екеуімізді ұрып-соғатын",- дейді. 

Жәнел биыл 18 жасқа толды. Өзінің айтуынша, мектепті үздік бітірсе де, жоғары оқу орнына құжат тапсырмаған. Ешкіммен араласпайды. Себебі, өгей әкесі қарсы. Тек үйде отыр деп бұйырған. Бойжеткеннің арманы - дәрігер болу. Қазір анасына қолғабыс жасайды. Ал 15 жыл отасқан жұбайынан көңілі қалған Әсел Құрманбекова шарасыз. Бес уақыт намаз оқитын адам мұндай арсыздыққа барады деп ойламағанын айтады. 

Әселдің екінші некеден 4 баласы бар. Үлкені 14-те, кішісі 5 жаста. 

Әсел Құрманбекова, жәбірленушінің анасы: 

"Мейрамғазы намаз оқитын, бірақ ешқашан мешітке барған емес. "Аллаға сыйынғанымды жұртқа көрсетудің қажеті жоқ" деп айтатын. 1-2 күн үйге қонбай, жоқ болып кететін. 15 жылдың ішінде нақты не істеп жүргенін айтқан емес. Өткен өмірі туралы сұрасам, жауапсыз қалдыратын. Бірақ отбасын ешқашан аш қалдырған емес. Өгей әке әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, Жәнелді зорлап отырған",- деп жылайды. 

Келіншек күйеуінің өзгеруіне ислам атын жамылғандардың тікелей ықпалы бар, әскери және травматикалық қаруды Сирияда жихад жасау үшін сақтады деп топшылайды. 

Әсел аса ауыр қылмысқа қатысы бар бұрынғы күйеуінің енді үйқамақта отырғанына наразы. Тергеу аяқталмаса да отбасының қауіпсіздігі үшін абақтыға жабылсын дейді. Ал күйеуі тұратын үйдің қақпасында құлып тұр. 

Әсел Құрманбекова, жәбірленушінің анасы: 

"Қазір далаға шығуға қорқамыз. Ажырасқанға дейін 3-4 рет араққа сылқия тойып алып, «Аллаһу акбар!», «Соғыста біздің бауырларымызды өлтіріп жатыр. Ал мен болсам мұндамын» деп басын қабырғаға ұрып айқайлағаны есімде. Оның даусынан балалар үркіп кетті. "Бауырларыма барамын, соғысуға кетемін" дегенді соңғы кезде жиі айтты."

 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті: https://qamshy.kz/article/50411-namazkhan-ake-ogey-qyzyn-13-dgyl-boyy-zorlap-kelgen-video

© qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы