$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады ма, жоқ па? - СІМ пікір білдірді

Зардап шеккен қазақстандық қыздың өзі консулдықтың көмегіне жүгінген жоқ.

Қазан қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы Екатеринбургте полицейлер қазақстандық қызды зорлады деген хабарламаға пікір білдіруді сұрады. Бұл туралы ведомство өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ өкілдерінен осы хабарламаларға қатысты жазбаша түрде мәлімет беруді сұрады. Зардап шеккен қазақстандық қыздың өзі консулдықтың көмегіне жүгінген жоқ. Осыған байланысты мәліметті растауды немесе жоққа шығаруын сұрадық», – деді Смадияров.

Еске салайық, мұның алдында ресейлік БАҚ Екатеринбургте екі полицейдің – Вячеслав Тропин мен Вадим Мустафинның қазақстандық 22 жастағы қызды қызметтік көлікте зорлады деген күдікпен ұсталғаны жайлы жазған еді.

Бұл оқиғаның 18 тамызда түнгі уақытта болғаны айтылған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, сол күні кешке полицейлер қызды саунадан шығып келе жатқан жерінде ұстап алып, көліктеріне отырғызып, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары