Елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары 36 жастағы ер адамды Тараз көшесінде оның көлігінің жанында ұстаған. Көлікті тінту кезінде тергеушілер орындық астынан полиэтилен пакетінде сақталған есірткі ұнтағын тапты. Сараптамаға сәйкес, салмағы 200 грамнан асатын гашиш есірткісі тәркіленді. Анықталғандай, ұсталған азамат бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 266-бабы 4-тармағы («Есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Елорданың есірткі саудасына қарсы күрес басқармасы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың транзиттік арналарын жабу, сондай-ақ есірткіні сақтау және таратумен айналысатын тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері 400-ден астам есірткі қылмысы тіркелді, оның 62-сі есірткі саудасымен айналысады, заңсыз айналымнан 100 келіге жуық есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар, есірткіні заңсыз сақтаудың 400-ден астам және есірткінің заңсыз айналымының 60-қа жуық фактісі анықталды.