Мас күйінде рульге отырған қостанайлықтар бірнеше жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайлық полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір күн ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізген 3 жүргізушіні ұстады.
«Қостанай қаласының Алтынсарин көшесінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы «Nissan Teana» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі сезілді. Медициналық куәландыру алкогольден масаң болудың жеңіл дәрежесін көрсетті.
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жүргізушіні 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бұған қоса, екі көлік жүргізушісі алкоголь өніміне тексеруден өтуден бас тартқан. Сот жүргізушілерді 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім қабылдады және олар 15 тәулікке қамауға алынды.