$ 514.65  544.6  5.17

Көкшетауда есірткіге елітіп көлік айдаған жүргізуші тек әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нарколог дәрігер оның есірткіге еліткені туралы медициналық ұйғарым шығарған.
фото: severpost.ru
фото: severpost.ru

Көкшетау қаласында «Әскер-5» автопатруль экипажы түнгі сағат 2 шамасында Солтүстік өнеркәсіп көшесінің бойында 23 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген «ВАЗ 2103» көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде одан өзгеше иістің шығып тұрғанын сезген. Кейін жүргізушіден Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық наркологиялық оңалту диспансеріне медициналық куәландырудан өтуге баруды сұраған. Нәтижесінде, нарколог дәрігер оның есірткіге еліткені туралы медициналық ұйғарым шығарды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні уақытша ұстау оқшаулағышына қамап, көлігін облыс орталығындағы айып тұрағына қойды.

«13 қаңтарда Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жүргізуші ҚР ӘҚбК 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары