$ 494.87  520.65  4.91

«Облыс әкімі үшін» жолды жапқан Қазалының екі полицейі жазаға тартылды (ВИДЕО)

Полиция бөлімінің басшысы Сәбит Арынов болса, жазбадағы екі полицейге «әкім үшін жолды жабыңдар» деп ешкім бұйрық бермеді деп отыр.

Қазалыда көше жолын Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов өту үшін жаптық деген екі полицей жазаға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 31 арнаға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, өңір басшысы Қазалы ауданына келе жатыр деп жолдағы көліктерді жүргізбей қойған құзырлы орган қызметкерлерінің әрекетіне ашуланған тұрғын оларды видеоға түсіріп, желіге жүктеген болатын.

Видеода екі полицейдің көлікті жаппай тоқтатуынан көшеде кептелістің басталғаны байқалады. Ал полицейлер тарапынан Қазалыға арнайы іссапармен келген облыс әкімі үшін жолдың жабылғаны айтылады.

Қызылорда облысы Қазалы аудандық Полиция бөлімінің басшысы Сәбит Арынов болса, жазбадағы екі полицейге «әкім үшін жолды жабыңдар» деп ешкім бұйрық бермеді деп отыр.

Сонда бейнежазбадағы шенділер жолды кімнің тапсырмасымен жапқан? Ол жағы белгісіз. Белгілісі, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың көлігін Қазалының көшелерімен тезірек өткізіп жібермек болған полицейлерге қызметтік шара қолданылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары