Жамбыл облысында Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу коронавирус пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін еңбекақыға аударылған қосымша үстемақыдан қаржы иемдену дерегі бойынша жүргізіліп жатыр» делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.