Әлем 11.03.2023 сағат 22:30

Индонезиядағы ең үлкен жанартау атқылап жатыр

Мерапи тауы – Индонезиядағы ең белсенді таулардың бірі. Оның биіктігі – 2910 м.
Индонезиядағы ең үлкен жанартау атқылап жатыр
Фото: Pixabay
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Индонезияның Ява аралындағы Мерапи жанартауында қатты атқылау басталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

CNN-нің Индонезиядағы қызметінің хабарлауынша, лава ағындары кратерден 1,5 шақырым қашықтыққа тараған. Жергілікті тұрғындарды жанартауға 7 шақырымнан ары жақындамауға шақырды.

Билік атқылаулардың төрт деңгейлі жіктелуінде үшінші қауіптілік деңгейін жариялады.

Мерапи тауы – Индонезиядағы ең белсенді таулардың бірі. Оның биіктігі – 2910 м.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар