$ 498.34  519.72  4.85

«Ресей адамзатқа қарсы қылмыс жасады» - БҰҰ

Ресей әскері Мариупольдегі драма театрына шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды өлтірген, азаптаған, тонаған. Бұлардың бәрі әскери қылмысқа жатады.
Фото: un.org
Фото: un.org

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі Ресейдің Украина жерінде көптеген әскери қылмыс жасады, тіпті адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған деп жариялады.

«Ресей әскері Мариупольдегі драма театрына шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды өлтірген, азаптаған, тонаған. Бұлардың бәрі әскери қылмысқа жатады. Гуманитарлық сипаттағы қылмыстар Ресейдің мыңдаған украинды жарықсыз, жылусыз, сусыз қалдырғаны – адамзатқа қарсы қылмыстарға теңестірілуі мүмкін», - делінген баяндамада.

Баяндаманы дайындау кезінде БҰҰ комиссиясына қатысушылар Украинаның 56 елді мекеніне барып, 348 әйел мен 247 ер адамнан сұхбат алған. Сонымен қатар, тергеушілер қамауда ұстау мен азаптау, жаппай жерлеу орындарын тексерді.Сондай-ақ, комиссия төрт облыстың: Киев, Чернигов, Харьков және Суманың оккупацияланған аудандарында жасалған өлтіру, заңсыз ұстау, азаптау, зорлық-зомбылық, зорлау және басқа да қылмыстарды құжаттады.

Баяндамада Украинаның бейбіт азаматтарын Ресей Федерациясында заңсыз ұстау және депортациялау жағдайлары да атап өтілген, олардың көпшілігі әлі күнге дейін хабар-ошарсыз.

«Анықталған гуманитарлық құқық бұзушылықтар, соның ішінде әскери қылмыстар үшін Ресей Федерациясының Қарулы күштері жауапкершілік арқалайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, комиссия Украина Қарулы күштері әскерлерінің жасаған «аздаған құқық бұзушылықтарын» атады, соның ішінде ресейлік әскери тұтқындарға оқ атқан, азаптаған екі оқиға әскери қылмысқа жатқызды.

Комиссия барлық анықталған құқық бұзушылық пен қылмысты дәлелдеп, кінәлілерді ұлттық және халықаралық деңгейде қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

«Дегенмен Украинадағы адам құқықтарының бұзылуын тергеуде Ресей армиясының елде геноцид жасағаны туралы ешқандай дәлел табылған жоқ», - деді БҰҰ-ның Украинадағы бұзушылықтарды тергеу жөніндегі Тәуелсіз Халықаралық Комиссиясының басшысы Эрик Месе.

Құжат халықаралық қауымдастыққа қылмыс үшін жауаптыларды сотқа тартуға көмектесуі керек.

Abai.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары