Әлем 19.03.2023 сағат 16:30

«Путин Германияға келсе, қамауға алынады» - Әділет министрі Марко Бушман

Гаагадағы халықаралық сот Ресей Президенті Владимир Путинді, сондай-ақ ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы тұтқынға алуға ордер берген болатын.
«Путин Германияға келсе, қамауға алынады» - Әділет министрі Марко Бушман
Фото:REUTERS/Maxim Shemetov
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында Германияның Әділет министрі Марко Бушман айтты, деп жазады inbusiness.kz pinterest.com порталына сілтеме жасап.

"Халықаралық қылмыстық сот Интерполға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттерге тез арада жүгініп, олардан қамауға алу туралы ордердің орындалуын сұрайды деп күтемін. Путин еліміздің аумағына кірген жағдайда, Германия оны тұтқындап, Халықаралық қылмыстық сотқа беруге міндетті болады", - деді министр.

Поталдың мәліметінше, Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына бағынатын барлық ел, соның ішінде ГФР де оның қаулысына сай әрекет етуі тиіс.

Еске салайық, Гаагадағы халықаралық сот Ресей Президенті Владимир Путинді, сондай-ақ ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы тұтқынға алуға ордер берген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар