$ 443.85  474.3  4.8

Қытай басшысы Ресейге келді

Бұл – Қытай басшысының үшінші мерзімге қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы халықаралық сапары.
Си Цзиньпин (Фото: Сергей Савостьянов / ТАСС)
Си Цзиньпин (Фото: Сергей Савостьянов / ТАСС)

ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің ұшағы Мәскеудегі "Внуково" әуежайына қонды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Владимир Путиннің Си Цзиньпинмен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де Үлкен Кремль сарайында болады деп күтілуде.

Бұл – Қытай басшысының үшінші мерзімге қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы халықаралық сапары, ол 20-22 наурыз аралығында жалғасады.

Бұл сапар екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған. 

Көшбасшылар Ресей мен Қытайдың серіктестігі мен өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды, бірқатар құжаттарға қол қояды.

Си Цзиньпин Мемлекет басшысы ретінде 2013 жылдан бері Ресейге сегіз рет барды. Соңғы он жылда Владимир Путин мен Си Цзиньпин әртүрлі форматтарда 40-тан астам рет кездесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары