$ 446.49  475.38  4.79

АҚШ-та торнадодан 600 адам зардап шекті

Осы оқиғадан кейін штатта 70 мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жұма күні Арканзас штатында болған екі торнадодан 600 адам зардап шекті. Бұл туралы CBS телеарнасының жергілікті бөлімшесі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың ақпараты бойынша, табиғат апаты штаттың орталық бөлігіне, оның ішінде Арканзастың халық ең тығыз орналасқан бөлігі – Литтл-Рок қаласы мен оның аумағына зақым келтірген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ. 
Арканзас губернаторы Сара Сандерс штатта төтенше жағдай режимін енгізіп, табиғат апатының салдарын жоюға Ұлттық ұлан күштерін жұмылдырды. 
Осы оқиғадан кейін штатта 70 мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#торнадо