Ресейлік генерал-майор Иван Попов даулы үндеу жазды. Поповтың қол астындағыларға жасаған үндеу файлын бұрын 58-армияны басқарған Мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үндеуінде Ресей Федерациясының Запорожье майданындағы бөлімшелерінің қолбасшысы генерал басшыларға баяндамасында "жағдайды қалай бар солай айтып", Ресей армиясындағы жауынгерлік жұмыс пен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелерді қатаң белгілеп айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтады.
Жоғары басшылықпен қиын жағдай туындады... Бүгінгі уақыттағы армияда бар барлық проблемалық мәселелерді белгілеп айттым. Жауынгерлік жұмыс, қамтамасыз ету бойынша. Бұл батареяға қарсы күрестің, барлаудың болмауы және жау артиллериясынан сіз бен біздің бауырларымыздың өлімі. Сондай-ақ, бірқатар басқа мәселелерді көтердім, - дейді Попов жазбада.
Ол билік назарын батареяға қарсы күрестің, артиллериялық барлау станцияларының жоқтығына, сондай-ақ жау артиллериясынан ресейлік әскери қызметшілердің жаппай қаза болуы мен жарақат алуына аудардым деп мәлімдеді. Мұны ол "қазіргі соғыстың басты трагедиясы" деп атады.
Генералдың айтуынша, оны жұмыстан босату туралы бұйрық "бір күнде ойлап табылған" және оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу қол қойған, өйткені Поповтың айтуынша, "жоғары басшылар онда қауіп барын сезген".