$ 442.05  474.14  4.74

Джеймс Кэмерон «Титан» батискафының апаты туралы сериал түсірмек

Канада тумасы Кэмерон 1998 жылы «Титаник» фильмі үшін үш «Оскар» сыйлығын жеңіп алды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

 «Титаник» блокбастерін түсірген Джеймс Кэмерон «Титан» батискафының апаты туралы драмалық телехикая түсіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инсайдерлердің мәліметінше, стриминг сервистерінің бірі Титаник қалдықтарына 30 рет түскен танымал режиссерге өткен айда суасты қайығында қаза тапқан бес адамның оқиғасы туралы айтып беру үшін өтініш жасаған.

«Титан» апатын әлемдегі ең ірі стриминг сервистерінің бірі телехикая ретінде, ал Кэмеронды – режиссер ретінде қарастырып жатыр.

Дереккөздің айтуынша, бұл тақырып оның жүрегіне жақын. Сериалдың түсіріліміне көп қаражат, уақыт және ресурс қажет.

Голливуд актері Мэтт Дэймон, сондай-ақ Marvel жұлдызы Кумэйл Нанджианиды сериалда басты рөлдерді сомдауға шақырғысы келетін актерлердің тізімінде.

Канада тумасы Кэмерон 1998 жылы «Титаник» фильмі үшін үш «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол суасты зерттеуі бойынша сарапшы.

Батискаф бортында 5 адам болды: 58 жастағы британдық бизнесмен әрі зерттеуші Хэмиш Хардинг, 48 жастағы бизнесмен, пәкістандық Шахзада Давуд пен оның 19 жастағы ұлы Сулеман, OceanGate компаниясының 61 жастағы директоры Стоктон Раш және 77 жастағы француздық зерттеуші Поль-Анри Наржоле.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары