Чехиялық теннисші Маркета Вондроушова Уимблдон финалында тунистік Онс Жаберді 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Осылайша, Маркета Вондроушова мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды. Бұған дейін Уимблдон-2023 турнирінде ол Пейтон Стернсті (59-шы) – 6:2, 7:5, Вероника Кудерметованы (12-ші) – 6:3, 6:3, Донна Векичті (21-ші) – 6:1, 7:5, Мария Боузкова (33 орын) - 2:6, 6:4, 6:3, Джессика Пегулу (4 орын) - 6:2, 2:6, 6:4 және Элина Свитолина (76 орын) - 6:3, 6 :3 есебімен жеңген болатын. Онс Джаберге келсек, ол екінші рет Уимблдон финалында жеңілді. Былтыр ол қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан (3-орын) ұтылды - 6:3, 2:6, 2:6. Ал биыл Уимблдонда Жабер ширек финалда жеңіске жетіп, есе қайтарды – 6:7, 6:4, 6:1.
Соған қарамастан Елена Рыбакина Уимблдон-2023 қорытындысы бойынша әлемнің үздік үш теннисшісінің қатарында қалады. Егер Онс финалда чехиялық Маркета Вондроушованы жеңген жағдайда қазақстандық 4 орынға түсіп қалуы мүмкін еді. Елена тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болғанын айтты. Дегенмен Вондроушова жеңімпаз атанып, Рыбакинаның үздік үштікте қалуына көмектесті.
"Ойын ауыр болғанымен, мен мұнда тамаша екі апта өткіздім. Маған жанкүйерлердің қарсыласымды көбірек қолдағаны әсер ете қойған жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, ол сәттірек ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда менің басты қаруым саналатын доп берудегі дәлдігім жетіспеді. Есесіне ол шешуші сәттерде өте дәл ойнай білді. Жарысқа чемпион ретінде келу мен үшін жаңаша болды. Мен алғашқы матчтарымды табысты өткізгеніме мақтанамын, өйткені солардың өзі оңайға түскен жоқ. Әр ойын сайын күшті бола түстім. Енді Америкадағы турнирлер алдында жұмыс жасауым керек. Осы екі аптадан оң тәжірибе жинадым. Биыл ата-анамның осында келе алғанына қуаныштымын. Кішкене демалып, сосын дайындыққа кірісемін деп үміттенемін", - деді Рыбакина.
Биыл төртінші "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионаты 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өтеді.