$ 439.4  473.54  4.76

Қазақстан Париж Олимпиадасына қатысуға ресми шақырту алды

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасында өтеді.
Фото: olympics.com
Фото: olympics.com

Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді.

Еске салсақ, 14 маусымда Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары