$ 494.87  520.65  4.91

72 жастағы әжей итімен ойнаймын деп қаза тапты

Медициналық көмек көрсетілгенімен әйелде сепсис пайда болды. Қанының бұзылуы ағза жеткіліксіздігіне әкеп соқты. 2019 жылдың 26 ақпанында әйел мерт болды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

72 жастағы Кэрол Парсонс ас үйде Квинни атты итімен ойнайды. Иті оның денесін аздап жарақаттайды. Зейнеткер жараланған жеріне антисептикалық крем жағады. Бірнеше күннен кейін өзін нашар сезініп, ауруханаға жеткізіледі, деп жазады Stan.kz.

Дәрігерлер лапароскопиямен тексере келе инфекцияны анықтайды.

Медициналық көмек көрсетілгенімен әйелде сепсис пайда болды. Қанының бұзылуы ағза жеткіліксіздігіне әкеп соқты. 2019 жылдың 26 ақпанында әйел мерт болды. 

Ноттингемшир штатының тергеушісінің көмекшісі Лауринда Бауэр науқастың медициналық тарихын оқыған соң, иттің иесіне ауру жұқтыруы мүмкін емес екенін айтты. 

«Оның денесінде тістің ізі емес, жара болды. Ол иттен жұғатын бактерия емес», - деді Бауэр.

Ол отбасына көңіл айтты. Әйелдің өлімінің себебі нақты белгісіз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары