$ 443.85  474.3  4.8

6 турист қаза болды: Грекияның солтүстігінде алапат дауыл соқты (ВИДЕО)

Бұдан бөлек табиғи апат салдарынан 108 адам зардап шеккен. Соның ішінде төрт адам ауыр халде жатыр.

Грекияның солтүстігінде алапат дауыл соғып, толассыз жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан алты турист қаза тапты. Қаза тапқандардың екеуі бала, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.  

Қайғылы оқиға Халкидики түбегінде болған. Туристер Грекияға Чехия, Румыния және Ресей елдерінен келген. Бұдан бөлек табиғи апат салдарынан 108 адам зардап шеккен. Соның ішінде төрт адам ауыр халде жатыр. 

Грекия билігі түбекте төтенше жағдай жариялады. Табиғи апат болған аймаққа өрт сөндіру қызметі мен азаматтық қорғаныс күштері тартылуда.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары