$ 498.51  522.84  4.81

«18 адамның денесі шығарылды»: әскери ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлады

Ұшақ құлаған жерде алапат өрт шығып, сол маңдағы үйлер отқа оранған.
Фото: m.sputnik.by
Фото: m.sputnik.by


Пәкістанның Равалпинди қаласының шетіндегі Мора Калу елді мекенінде әскери ұшақ құлап, кем дегенде 18 адам опат болды. 

Қаза тапқандардың бесеуі – экипаж мүшелері, деп хабарлайды ҚазАқпарат The News International сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға сейсенбінің таңында болған. 

Пәкістан армиясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шағын әскери ұшақ сынақ кезінде апатқа ұшыраған. Ұшақ құлаған жерде алапат өрт шығып, сол маңдағы үйлер отқа оранған. 

Апат себептері анықталып жатыр. 

Құтқарушылардың айтуынша, ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлаған. Үйінділердің астынан 18 адамның денесі шығарылды. 

Тағы 12 адам жарақат алған. Олардың барлығы Равалпиндидің Holy Family және DHQ ауруханаларына жеткізілген. Тексеру үшін қаза тапқандардың денесі де сонда жіберілген. 

Еске сала кетейік, Пәкістандағы ең жантүршігерлік ұшақ апаты 2010 жылы болған. Сол кезде Карачиден шыққан Airbus 321 лайнері Исламабад маңындағы қырға тұмсығымен қадалған еді. Апат салдарынан ұшақ бортындағы 152 адамның бірі қалмай қаза тапқан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары