$ 498.51  522.84  4.81

«Әкім орынбасарын өртеп жіберген»: билік кәсіпкерлерге өтемақы төлеуге уәде берді

Мәліметке қарағанда, арнайы қызметтің басшысы кәсіпкердің дүкенін сүруге әрекет жасаған әкім орынбасарын және жергілікті шенеуніктерді сынға алған.
Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі
Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің төрағасы Абдусалом Азизов Қашқадария облысының Яккабаг ауданына барды. Бұған дейін осы аймақта кәсіпкер дүкенін заңсыз сүріп жатыр деп қарсылық танытып, әкім орынбасарын өртеп жіберген, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Мәліметке қарағанда, арнайы қызметтің басшысы Эски Якаббог ауданына барып, кәсіпкердің дүкенін сүруге әрекет жасаған әкім орынбасарын және жергілікті шенеуніктерді сынға алған.

Ол жергілікті биліктен зардап шеккен тағы 34 кәсіпкердің шағымын тыңдап, оларға 1 млрд 700 миллион сум (200 мың АҚШ доллары) өтемақы төлеуге уәде берген.

27 шілдеде премьер-министр Абдулла Арипов Өзбекстанның батысындағы Хорезм облысының Ургенч ауданының тұрғындарымен кездескен. Үйлері сүрілген халық өтемақы ала алмай, қарсылық ретінде 26 шілдеде Ургенч-Хазорасп тас жолын жапқан. Оларға бүгінгі күні өтемақы төленіп жатқаны айтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін бульдозермен келген аудан әкімінің орынбасарын кәсіпкер өртеп жібергенін жазған болатынбыз. 

Сондай ақ, Өзбекстанның Қашқадария облысы Яккабаг ауданы әкімінің орынбасары Мансур Туймаевқа қызметін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары