Украинада мысық коляскіде жатқан 9 айлық қыз баланы өлтіріп алған, деп жазады Skifnews.kz Life.ru ақпарат порталына сілтеме жасап.
Оқиға 30 қараша күні жергілікті сағат 13:30 шамасында болған. Анасы қызын коляскіге ұйықтатып, үй жұмыстарымен айналысуға кіріскен. Шаруасы біткен ол баласына келгенде қайтыс боп кеткенін және үстінде мысықтың ұйықтап жатқанын көрген.
Баланың денесі сот медициналық сараптамасына жіберілді. Оның денесінде қандай да жарақат не зорлық белгілері байқалмаған.
Қазіргі таңда сәбидің анасымен психлологтар жұмыс істеп жатыр.