$ 494.87  520.65  4.91

Биыл әлемдегі ең бай бизнесмендердің табысы «ортайып» қалды (ФОТО)

Биылғы мамыр айында Джефф Безос әлемдегі бай бизнесмендердің қатарында 131 миллиард доллар капиталымен әйгілі Билл Гейтстің де алдына шығып кеткен еді. Енді міне, ол күзге қарай сол әлеуетін ұстап тұра алмай, «қалтасы жұқарған» байлардың қатарына бір-ақ түсті.
фото: vedomosti.ru
фото: vedomosti.ru

Forbes журналы 2019 жылы қаржы жағынан жолы болған және өзінің ақшасы едәуір азайып қалған миллиардерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл франциялық LVMH (Moet Hennessy - Louis Vuitton) басшысы Бернар Арно ең көп ақша тапқандардың тізімін бастап тұр. Ол – Christian Dior, Louis Vuitton және Givenchy сауда маркаларының иесі. Әлемдегі үшінші ең бай адамның байлығы өткен жылмен салыстырғанда, 40 миллион долларға артқан.

Бернар Арно (фото: vokrug.tv)

Тізімдегі екінші орынды Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг алды. Ол осы жылы 22 миллард доллар табыс тапқан.

Ал үшінші орында 17,3 миллиард доллар тапқан Zara брендінің иесі Амансио Ортега тұр.

Бұдан бөлек, 2019 жылы жолы болмаған байлардың тізімі де қоса беріліп отыр. Олардың қатарында үндістандық кәсіпкер Азим Премжи (минус 14,1 миллиард доллар), Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос (минус 13,1 миллиард доллар) және Essel Group төрағасы Субхас Чандра (минус 3,4 миллиард доллар) бар.

Джефф Безос (фото: TASS)

Еске сала кетсек, биылғы мамыр айында Джефф Безос әлемдегі бай бизнесмендердің қатарында 131 миллиард доллар капиталымен әйгілі Билл Гейтстің де алдына шығып кеткен еді. Енді міне, ол күзге қарай сол әлеуетін ұстап тұра алмай, «қалтасы жұқарған» байлардың қатарына бір-ақ түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары