$ 494.87  520.65  4.91

Жолаушылар автобусы жардан құлап, 6 адам мерт болды

Бұдан бұрын «Синьхуа» агенттігі төрт адам қаза тапты деп мәлімдеген болатын.

Қытай Халық Республикасының солтүстік-шығысындағы Цзилинь провициясы Тунхуа қаласы аумағында жолаушылар автобусының жардан құлауы салдарынан мерт болғандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sina ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

Бұдан бұрын «Синьхуа» агенттігі төрт адам қаза тапты деп мәлімдеген болатын. Нақты деректер бойынша, оқиға болған кезде автобуста 37 адам болған. Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақытпен таңғы 9.00-де орын алды. 

Зардап шеккендердің барлығы ауруханада, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерде жедел қызмет ететін ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары