$ 444.32  473.33  4.76

Ираннан қауіптенген АҚШ жаңа қару-жараққа 2 триллион доллар жұмсады

«Біз оларға қарсы жап-жаңа, тамаша жабдықтың бір бөлігін еш ойланбастан қолданамыз!» деп жазды Трамп өзінің Twitter парақшасында.
фото: gazeta.ru
фото: gazeta.ru

Егер Иран АҚШ-қа немесе оның азаматтарына қауіп төндіретін қандай да бір іс-әрекетке барса, Вашингтон жалтақтамай, мемлекет қазынасына 2 триллион долларға түскен қару-жарақтың жаңа түрін Тегеранға қарсы қолданады, деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлады.

«Америка Құрама Штаттары жақында ғана әскери техникаға 2 триллион доллар жұмсады. Біз әлемдегі ең іріміз және сөзсіз ең үздікпіз! Егер Иран АҚШ базасына немесе кез келген жердегі америкалық базаға шабуыл жасаса, біз оларға қарсы жап-жаңа, тамаша жабдықтың бір бөлігін еш ойланбастан қолданамыз!» деп жазды Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары