3 қаңтарда Өзбекстанның Ахангаран қаласында үш айлық баласын 400 долларға сатуға әрекеттенген әйел ұсталды, деп хабарлайды centralasian.org-ке сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өзбекстан Республикасы ІІМ Терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма баланың Аханғаран қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.
Республика ІІМ Терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басты басқармасында атап өтілгендей, бала Аханғаран қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
Тергеу барысында ұсталған әйелдің уақытша жұмыссыз екендігі белгілі болды.
Әйелдің үстінен осы елдің қылмыстық кодексінің 135-бабына сәйкес «18 жасқа толмаған адамдарды сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот үкімі ұсталған әйелді сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.