Тегеран әуежайында құлаған украиналық жолаушылар ұшағының қара жәшігі Киевке жіберілмек. Бұл туралы Иран билігі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұшақтағы қара жәшіктің оқылуы жайлы хабарлаған ирандық азаматтық авиация өкілі Хасан Резайфер, жергілікті ақпарат агенттеріне 18 қаңтарда оны оқу мүмкін болғанын айтты. Өкілдің сөзінше, қара жәшікті енді Киевте Франция, Америка, Канада секілді елдердің арнайы мамандары тексермек.
“Егер олар оқи алмаса, қара жәшікті Францияға жібереді”, - деді авиация өкілі Резайф.
Естеріңізде болса, 15 қаңтарда Киев шетелдік мамандар қара жәшікті 20 қаңтардан бастап тексере бастайтынын мәлімдеген болатын.
8 қаңтарда таң алдында Иран Тегеран әуежайынан көтеріле бергенде Украинаның МАУ компаниясына тиесілі "Boeng 737" ұшағын 176 жолаушысымен атып түсірген. Ұшақты байқамай атып түсіргенін кінәлі тарап мойындады, кешірім сұрады. Өкінішке орай, ұшақ апатынан борттағылардың ешбірі тірі қалмаған.
Ұшақ апаты Иран мен АҚШ арасындағы жағдай өршіп тұрған тұста болғаны әлем елдеріне белгілі.