$ 498.34  519.72  4.85

«Өмірлеріңмен қош айтысыңдар! Сендерді ешкім жоқтамайды»: Түркия Ресейге сес көрсетті

Қорқыту мен үркіту мақсатында хат пен пікір жазуда. Тіпті, елшінің өзіне де қорқыту хаты келіп түсіпті.
Фото: islam.kz
Фото: islam.kz

Ресейдің Түркиядағы елшісі Алексей Ерховтың айтуы бойынша, Сирияның Идлиб аймағындағы жағдайдың тым ушығып кетуі Түркиядағы орыс ұлтының өкілдеріне қауіп төндіруде. 

Түркияның әлеуметтік желілеріндегі қолданушылар орыс ұлтына жаппай "шабуыл жасауда", қорқыту мен үркіту мақсатында хат пен пікір жазуда. Тіпті, елшінің өзіне де қорқыту хаты келіп түсіпті. 

- Қазір Сириядағы жағдай дау ушығып тұр. Өте қиын жағдай. О баста орыс офицерлері қаза тапты, артынша түрік жауынгерлері оққа ұшты. Алайда әлеуметтік желідегі пікірлер тіпті қорқынышты, - деді ол. 

Ол дәлел ретінде бірнеше пікірді көрсетті. 

 "Өмірлеріңмен қош айтысыңдар", "Сендерді ешкім жоқтамайды", "Сендердің отқа оранар уақыттарың жетті"  және осыған ұқсас көптеген қорқыту мен үркіту пікірлері бар, - деді дипломат. 

Ерховтың пікірінше тура осындай жағдай бес жыл бұрын болған. Оның соңы ұшақтың құлауымен аяқталғаны белгілі.

Дереккөз: Bugin.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары