$ 514.65  544.6  5.17

«Мен сені бақылап жүрмін»: футболшының әзілі қытайлықтардың шымбайына батты (ВИДЕО)

Олар қақпашыны "нәсілшіл" деп айыптады.
Фото: kommersant.ru
Фото: kommersant.ru

Аты аңызға айналған қақпашы сынға ұшырады. Оның мұндай жағдайға тап болуына қытайлықтарға әзілдеуі себеп болып отыр. «Ювентус» клубының қақпашысы, Джанлуиджи Буффон азиялық жанкүйеріне коронавирус туралы әзілдеймін деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлем кубогының иегерінің бұл әрекеті жайлы "Football Italia" порталы жазды. Әйгілі ойыншы кезекті кубок үшін таласқан кездесудің соңында жанкүйерлерлеріне қолтаңба берген. Сол сәтте одан азиялық бір жанкүйері қолтаңба сұрапты. Аяқ доп шебері жігіт ұсынған дәптерге қолтаңбасын қойып жатып: «Мен сені бақылап жүрмін. Корона? Иә? Мәссаған, сен Уханьнан шығарсың?», – деп әзілдеген.

Оның бұл сөзіне қалт жібермей тыңдап қойған айналасындағылар кұлкіге қарып болып қалыпты. Артында бұл әрекетінің жай ғана әзіл екендігін айтып, жанкүйерінің басынан сипаған футболшының әлеуметтік желі қолданушылары аямай сынап, әзіліне ренжігендіктерін білдірді. Олар қақпашыны "нәсілшіл" деп айыптады. Мұнан өзге, Италиядағы Қытай қауымдастығының көптеген өкілдері "COVID-2019" коронавирусы тарала бастағалы нәсілдік тұрғыдан көп қысым көріп жүргендерін айтып шағымданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары