$ 494.87  520.65  4.91

Ашуға булыққандар Құранды қорлаған ер адамды өлтіріп, мәйітті өртеп жіберді

Бангладештегі радикалды исламистер соңғы уақытта өз жақтастарын көбірек жинай бастады.

Бангладеште бір топ адам Құранды «қорлады» деп ер кісіні ұрып-соғып, денесін өртеп жіберді, деп жазады Stan.kz.

Бірнеше жүз адамнан құралған топ Буримаридегі негізгі мешітте Құранды аяқпен таптады деп айыпталған екі ер адамды сыртқа шығарып алды. Белгілі болғандай, полиция азаматтарды арашаламақ болды.

«Олар біреуін өлімші етіп сабап, содан кейін мәйітті өртеп жіберді», - деді аудандық полиция басшысы.

50 жастағы марқұмның психикалық ауытқудан зардап шеккені белгілі болды. Сонымен қатар, ашуланған тобыр муниципалдық кеңсені де өртеді. Шабуылдың екінші құрбаны ауыр жарақат алғаны хабарланды. Бангладештегі радикалды исламистер соңғы уақытта өз жақтастарын көбірек жинай бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары