Ресейдің Пермь қаласы маңындағы Сарс ауылында 12 жастағы оқушы мектепте оқ жаудырды. Бұл туралы Orda.kz 112 Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарс ауылындағы мектепте алтыншы сынып оқушысы «Сайга» аңшылық мылтығымен атыс шығарды. Ақпараттарға сәйкес, бас-аяғы екі оқ атылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқ жаудырған оқушы ұсталып, қазір тәртіп сақшылары онымен сөйлесіп жатыр. Оқиға бойынша ақпарат анықталуда. Оқ атқан Дмитрий Губаев полиция қызметкеріне түсініктеме беру кезінде сыныптастары мен мұғалімдеріне ашуланғанын, сол себепті осы әрекетке барғанын айтты. Оның айтуынша Құдай түсіне еніп, не істеу керектігін көрсеткен. Сондай-ақ, алтыншы сынып оқушысы мылтықты сыныптасы Дария Клестовамен арадағы мәселені шешу үшін әкелгенін айтты.
Мылтық ұстап келе жатқан Тима Губаевты бірінші болып өзінің әпкесі көріп қалған. Ол әпкесіне мылтық кезеп, оған үйге қайтуды бұйырады, артынша мектеп ішінде екі рет оқ атқан.
Еске салсақ, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік университеті аумағына кіріп, университеттің студенттері мен оқытушыларына оқ жаудырған Бекмансуров ұсталған болатын. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алды.