$ 449.58  486.94  4.86

Ауғанстан мешітінде болған жарылыстың видеосы жарияланды

Жанкешті лаңкестер Қандағар қаласында жұма намазына жиналған жұртқа оқ жаудырып, артынан жарылыс жасаған
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қандағар қаласында жанкешті лаңкестер шиит мешітінде жасаған жарылыстың видеосы тарады. Біреуі жарылғыш белбеуін мешіттің дәлізінде, ал екіншісі мешіттің қақ ортасында іске қосқан.

Видеода автомат ұстаған екі лаңкестің мешітке қарай бет алғаны анық көрінеді. Олар бірден кіреберісте тұрған күзетшілерге оқ жаудырып, ғимараттың ішіне кіріп кеткен. Ал бірнеше секундтан кейін жарылыс болды.

Мешіттің ауласында түсірілген видео да бар. Далада намаз оқып жатқан адамдар оқтың дыбысын естіген бойда жан-жаққа қашады. Жанкешті лаңкестер алдымен адамдарға оқ жаудырған, одан кейін әрбіреуі өз-өзін жарып жіберген.   

Еске сала кетсек, 15 қаңтарда Қандағар қаласындағы имам Баргах мешітінде жарылыс болды. Жанкешті лаңкестер жұма намазына жиналған жұртқа оқ жаудырып, артынан жарылылыс жасаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, лаңкестік әрекет кезінде 63 адам қайтыс болды. Ислам мемлекеті* шиит мешітіндегі жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

*Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары